Тұрақтылыққа әсер ету марапаттары

Schneider Electric серіктесі, клиенті немесе жеткізушісі болсаңыз және экологиялық тұрақтылыққа ұмтылатын болсаңыз, бізге кандидатураңызды жіберіңіз. Марапатттау ұжымыңыз бен компанияңыз үшін нағыз өзгерісті кезең болуы мүмкін, сондықтан компанияңыздыың кандидатурасын бүгін ұсыныңыз!

SCHNEIDER ELECTRIC

SUSTAINABILITY IMPACT AWARDS 2024

Шарттар мен талаптар

 

SCHNEIDER ELECTRIC SUSTAINABILITY IMPACT AWARDS БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ SCHNEIDER ELECTRIC INDUSTRIES SAS БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН ЖӘНЕ ТАЛАПТАРМЕН РЕТТЕЛЕДІ.

 

ӨТІНІШ ЖІБЕРУ АРҚЫЛЫ СІЗ КЕЛЕСІНІ МОЙЫНДАЙСЫЗ ЖӘНЕ ОҒАН КЕЛІСЕСІЗ:

(a)            СІЗ МАРАПАТТАУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫСЫЗ;

(b)           СІЗ ОСЫ ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАРДЫ ОҚЫП, ТҮСІНДІҢІЗ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕ АЛУҒА КЕЛІСЕСІЗ; ЖӘНЕ

(c)            МАРАПАТТАУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕДЕ SCHNEIDER ELECTRIC ШЕШІМДЕРІ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕ АЛАСЫЗ.

 

КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, МАРАПАТТАУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСПАУЫҢЫЗ КЕРЕК.

 

ОСЫ ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАРДЫҢ КӨШІРМЕСІН БАСЫП ШЫҒАРЫП, БОЛАШАҚТА АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

 

1.              Schneider Electric

 

Schneider Electric компаниясының мақсаты — барлығы үшін прогресс пен экологиялық тұрақтылықты байланыстырып, біздің энергиямыз бен ресурстарымызды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беру. Біз мұны «Өмір жалғасуда» деп атаймыз. Біздің миссиямыз — экологиялық тұрақтылық және тиімділік бойынша сіздің цифрлық серіктесіңіз болу. Біз үйлер, ғимараттар, дерек орталықтары, инфрақұрылым және өнеркәсіптер үшін компанияны интеграцияланған түрде басқаруға мүмкіндік беретін әлемдік жетекші процестер мен энергетикалық технологияларды, соңғы нүктені бұлтқа қосатын өнімдерді, басқару элементтерін, бағдарламалық жасақтама мен қызметтерді бүкіл өмірлік циклде енгізу арқылы цифрлық трансформацияны жүзеге асырамыз. Біз ғаламдық компаниялардың ішіндегі ең жергілікті компаниямыз. Біз ортақ мағыналы мақсат, инклюзивті және өкілеттік берілген құндылықтарды жоғары бағалайтын ашық стандарттар мен серіктестік экожүйелерін қолдаймыз. 

 

2.              Марапаттау бағдарламасы

 

2.1.         Мақсаты: Марапаттау бағдарламасы — қатысу талаптарына сай үміткерлерге қолжетімді (төмендегі 3-тармақта көрсетілгендей) науқан/ынталандыру бағдарламасы. Ол интеллектуалды энергиядағы болашақ қиындықтарға жауап беру үшін инновациялық шешімдердің пайда болуына қолдау көрсетуге бағытталған. Марапаттау бағдарламасы арқылы Schneider Electric энергия тиімділігі және қоршаған ортаны қорғау салаларында да интеллектуалды энергияны ілгерілетуге ықпал ететін идеяларды, шешімдерді және/немесе технологияларды анықтауға және жарнамалауға ұмтылады.

 

2.2.         Хронология: 

 

2.2.1.          Марапаттау бағдарламасының хронологиясы төмендегі 2.2.4 тармағында сипатталған. Ол онлайн тіркеу процесінің ашылуынан басталып, ғаламдық марапаттау рәсімімен аяқталады.

 

2.2.2.          Күндер Schneider Electric компаниясының таңдауы бойынша өзгертілуі мүмкін. Қандай да бір өзгеріс орын алған жағдайда, қатысушыларға өзгеріс туралы Sustainability Impacts Awards бағдарламасының арнайы веб-бетінде (бұдан былай «веб-бет») жарияланған хабарлама арқылы немесе Аккаунтта көрсетілген байланыс мәліметтеріндегі электрондық пошта арқылы хабарланады.

 

2.2.3.          Барлық жеңімпаз Өтініште көрсетілген немесе Аккаунтта тіркелген байланыс мәліметтері арқылы хабарланады.

 

2.2.4.          Хронология

 

Кесте

Кезеңдер

Басталу күні

Аяқталу күні

Кіру

Онлайн тіркелу және өтініш беру

 

1 шілде, 2024

1 қараша, 2024 жыл

Іріктеу процесі

1-кезең*

Ел/аймақ жеңімпаздары

1 қараша, 2024 жыл

30 қараша, 2024

2-кезең**

Аймақтық жеңімпаздар

1 желтоқсан, 2024

31 желтоқсан, 2024

3-кезең ***

Ғаламдық жеңімпаздар

1 қаңтар, 2025

31 қаңтар, 2025

Жеңімпаздар хабарланады

1-кезең*

Ел/аймақ жеңімпаздары

1 желтоқсан, 2024

31 қаңтар, 2025

2-кезең**

Аймақтық жеңімпаздар

1 қаңтар, 2025

 

28 ақпан

3-кезең ***

Ғаламдық жеңімпаздар

1 ақпан, 2025

28 ақпан, 2025

Ғаламдық

Марапаттау рәсімі

Ғаламдық жеңімпаздар Ғаламдық марапаттау рәсіміне шақырылады

Шақырулар ғаламдық жеңімпаздарға 2025 жылдың ақпан айында жіберіледі

 

Ғаламдық марапаттау рәсімі 2025 жылдың сәуір айында өтеді (күні шақыруда хабарланады)

 

2.2.4.1.      *1-кезең: Ел бойынша/аймақтық іріктеу – I кезең қай Өтініштердің 2-кезеңге өтетінін шешу үшін қарау, бағалау және іріктеу кезеңін қамтиды. 1-кезеңде Schneider Electric қазылар алқасы ұлттық/аймақтық жеңімпаздарды таңдайды. Барлық ел бойынша/аймақтық жеңімпаздар Марапаттау бағдарламасынан бас тартпаса немесе одан шығарылмаса, автоматты түрде 2-кезеңге өтеді. Барлық жеңімпаздың іріктелу күйі Өтініште көрсетілген немесе Аккаунтта тіркелген байланыс мәліметтері арқылы хабарланады.

2.2.4.2.      **2-кезең: Аймақтық іріктеу және марапаттау — 2-кезең аймақтық жеңімпаздардың кім болатынын анықтау үшін қарау, бағалау және іріктеу кезеңін қамтиды. 2-кезеңде жаңа Schneider Electric қазылар алқасы ел бойынша/аймақтық жеңімпаздар ішінен аймақтық жеңімпаздарды таңдайды.

 

2.2.4.3.      **3-кезең: Ғаламдық финалдарда іріктеу және марапаттау — 2-кезең ғаламдық жеңімпаздардың кім болатынын анықтау үшін қарау, бағалау және іріктеу кезеңін қамтиды. 2-кезеңде Schneider Electric қазылар алқасы аймақтық жеңімпаздардан ғаламдық жеңімпаздарды таңдайды.

 

2.3.        Әкімші: Марапаттау бағдарламасын Schneider Electric атынан үшінші тарап Әкімшісі басқарады (төмендегі 19.1.3-тармақты қараңыз) және веб-бетте орналастырады.

 

3.              Жарамдылық талаптары

 

3.1.         Марапаттау бағдарламасына қатысу үшін ақы алынбайды. Қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

 

3.2.         Марапаттау бағдарламасы келесі талаптарға сай келетін әлемнің түкпір-түкпіріндегі үміткерлерге ашық:

 

3.2.1.          Сіз қатысу талаптарына сай Клиент, Арна серіктесі немесе Жеткізушісіз (төмендегі 19.1-тармақта анықталғандай).

 

3.2.2.          Сіз Марапаттау бағдарламасына тек өз қызметіңіздің аясында және өз қызметіңіз үшін қатысасыз. Қатысу тұтынушылар үшін қолжетімді емес.

 

3.2.3.          Сіз осы Шарттар мен талаптарды қабылдайсыз.

 

3.2.4.          Сонымен қатар:

 

3.2.4.1.      Арна серіктесі болсаңыз, Өтінішіңіз келесі шарттардың барлығына сай болуы керек: (a) Schneider Electric компоненттері жалпы шешімнің кемінде 80%-ын құрауы керек. (b) Шешім соңғы 12 айда тұтынушыға өсім мен табыс әкелген болуы керек. (c) Schneider Electric компаниясының сұрауы бойынша Өтінішіңізге сәйкес тұтынушының ұсынысхаттарын беруіңіз керек.

 

3.2.4.2.      Жеткізуші болсаңыз, таңдалған Өтініш санатына сәйкес жарамды кірістеріңіз болуы керек – Ірі жеткізуші немесе Орташа жеткізуші (төмендегі 4.3-тармақты және 19.1-тармақты қараңыз).

 

3.2.5.          Марапаттау бағдарламасының веб-бетіндегі барлық басқа шартқа сай болуыңыз және барлық шартты қабылдауыңыз керек: https://sustainability-impact-awards.se.com

 

3.3.         Керісінше дәлелдер болмаған жағдайда, Schneider Electric Аккаунт иесінің атынан Өтініш жіберетін кез келген тұлға Аккаунт иесінің қызметкері болып табылады және оған Аккаунт иесі өз атынан келесі әрекеттерді орындауға рұқсат берді деп болжауға құқылы болады:

 

3.3.1.          Өтініш жіберу үшін Аккаунт деректерін пайдалану.

 

3.3.2.          Аккаунт арқылы веб-бетке кіруге және оны пайдалануға құқылы.

 

3.3.3.          Өтінішті жіберіп, Марапаттау бағдарламасына қатысу.

 

3.3.4.          Осы Шарттар мен талаптарды қабылдау.

 

4.              Тіркелу және өтініш беру

 

4.1.         Жоғарыдағы 3-тармақта көрсетілген жарамдылық шарттарына сай болуыңыз керек және жоғарыдағы 2.2.4-тармақта көрсетілген өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне дейін осы Шарттар мен талаптарға сәйкес Өтінішіңізді жіберуіңіз керек. Кешіктірілген Өтініштер қабылданбайды.

 

4.2.         Өтінішіңізді ағылшын тілінде немесе жергілікті тілде жазуға болады. Ол мына форматтардың бірінде болуы керек:

 

4.2.1.          Инфографика: .ppt немесе .pdf форматы, файлдың максималды өлшемі 50 МБ.

 

4.2.2.          Бейне: mp4 форматы, 2 минутқа дейін, файлдың максималды өлшемі 50 МБ.

 

4.3.         https://sustainability-impact-awards.se.com/en/challenges/edition-2024 мекенжайында онлайн қолжетімді тұтас өтінішке тіркелуіңіз және оны толтыруыңыз керек.

 

4.4.         Жеткізушілердің Өтініштері «Нөлдік көміртек жобасы арқылы өз операцияларыңызда декарбонизацияға қалай қол жеткіздіңіз?» тақырыбына қатысты болуы керек.

 

4.5.         Өтінішіңізде сіздің бастапқы шешіміңіз бен тәжірибеңіз қамтылған болуы керек. Онда сіздің күнделікті операцияларыңыздағы экологиялық тұрақтылық шаралары арқылы немесе клиенттеріңізге әсер ететін ықпал арқылы мақсаттарыңыз бен шешімнің бастапқы идеялары нақты көрсетілуі керек.

 

Тәжірибеңізді бізбен бөлісіңіз, нақты нөлге жету жолындағы ұжымдық саяхатымызды жеделдету үшін бірге жұмыс істейік!

 

4.6.         Өтінішіңізде сондай-ақ бастапқы шешімге патенттік өтініш берілген-берілмегені айтылуы керек.

 

4.7.         Өтінішті жіберу арқылы сіз мыналарға келісесіз:

 

4.7.1.          Өтінішіңіздің дұрыстығы мен толықтығына өзіңіз ғана жауапты боласыз.

 

4.7.2.          Бізде немесе Әкімшіде Өтінішіңіздегі қандай да бір ақпарат толық, дәл немесе түпнұсқа емес деп санауға дәйекті негіздер болса, Schneider Electric Өтінішіңізді қабылдамауы немесе тоқтатуы мүмкін.

 

4.8.         Бірнеше өтініш жібере аласыз, бірақ әр өтініш әртүрлі шешімге арналған болуы керек.

 

5.              Төрешілік ету және іріктеу/бағалау шарттары

 

5.1.         Барлық Өтінішті Schneider Electric басшылық қауымдастығының әртүрлі мүшелерінен тұратын кемінде 4 төреші алқасы қарайды, бағалайды және іріктейді.

 

5.2.         Қарау, бағалау және іріктеу процесінің ешбір бөлігі кездейсоқ ұтыс ойынына немесе кез келген басқа мүмкіндікке жатпайды. Шешім осы шарттарды ескере отырып, төрешілер алқасы анықтайтын дағды негізінде ғана жасалады:

 

5.3.         1-кезең және 2-кезең үшін: Экологиялық тұрақтылықты дамытуға қосқан үлесіңізді, сондай-ақ стратегия жасау, цифрландыру және декарбонизациялау әдістерін бөлісуіңіз керек. Дәлелдемелерді, инновация мысалдарын және Schneider Electric шешімдерінің нәтижелердегі рөлін қосқаныңыз жөн.

 

5.4.         Әділ қазылар шешімдері түпкілікті және міндетті болып табылады.

 

6.              Марапаттар

 

6.1.         Жеңімпаздарға келесідей Марапаттар беріледі:

 

6.1.1.          Ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі барлық жеңімпаз:

-        www.se.com сайтында жарияланатын басқа жеңімпаздармен бірге PDF кітапшасына қосылады

-        Кубок пен сертификат алады

-        Төмендегі 10-тармаққа сәйкес келісілген бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желі жазбаларында жеңімпаздың жетістігін ілгерілету үшін жеңімпаздың пайдалануына арналған ко-маркетинг жинағын алады (мысалы, танымбелгілер, логотип, пресс-релиз)

 

6.1.2.          Сондай-ақ ғаламдық жеңімпаздар:

-        Марапаттау рәсімінде Schneider Electric тарапынан жарияланады

-        Ғаламдық пресс-релизге, клиент жетістігі туралы бейнеге және Schneider Electric компаниясының 1-деңгейлі БАҚ мақаласында қамтылады

 

6.2.         Марапаттар тек жеңімпаз Аккаунт иесінің қолдануы мен пайдасына арналған және ешбір жағдайда басқа тұлғаға сатылмауы, берілмеуі, ұсынылмауы немесе саудаланбауы керек.

 

6.3.         Марапаттардың ақшалай құны жоқ және оларды ақшаға айырбастауға болмайды.

 

6.4.         Марапаттау бағдарламасына қатысуыңыздан (соның ішінде қандай да бір Марапатты алуыңыздан немесе пайдалануыңыздан не оған қатысуыңыздан) туындайтын шығындар, залалдар, салықтар, баждар және/немесе басқа да міндеттемелер болса, сіз оларды төлеуге жауапты және міндетті боласыз, сондай-ақ осы жауапкершілік туралы барлық орган мен үшінші тарапқа хабарлауыңыз керек.

 

7.              Құпиялық

 

7.1.         Schneider Electric сіздің Өтінішіңіздің бір бөлігі ретінде бизнесіңізге, клиентке немесе шешіміңізге қатысты жеке не құпия ақпаратты беруіңізді талап етпейді.

 

7.2.         Осы Шарттар мен талаптарға сәйкес Өтінішіңізге Schneider Electric компаниясының тарапынан немесе атынан пайдалануға және ашуға арналған қандай да бір ақпаратты қосуға заңды құқығыңыздың бар екеніне көз жеткізуіңіз керек.

 

7.3.         Барлық Өтінішті Schneider Electric және Әкімші құпия емес деп санайды және көпшілікке ашуға құқылы болады.

 

7.4.         Schneider Electric сіздің мәліметтеріңізді, Өтінішіңіз туралы мәліметтерді және осы Марапаттау бағдарламасы аясында сіз жасаған барлық кейінгі хабарламаны шектеусіз ашуға құқылы болады.

 

7.5.         Өтініш жіберу арқылы сіз мыналарға келісесіз: -

 

7.5.1.          Өтінішіңіздің және осындай хабарламалардың құпия болмау сипатының ықтимал әсерін түсінесіз және олар жеке не құпия ақпарат ретінде қарастырылмайды.

 

7.5.2.          Schneider Electric және оның атынан әрекет ететін Әкімші сіздің Өтінішіңізді, осындай хабарламаларды және оларға негізделген немесе олардан алынған кез келген құжатты шектеусіз пайдалана алады және аша алады. Бұған ақпаратты көпшілікке жариялау құқығы кіреді.

 

7.5.3.          Schneider Electric компаниясына немесе Әкімшіге қарсы осы Шарттар мен талаптар аясында берілген кез келген ақпаратты пайдалану немесе жариялау бойынша құпиялықтың бұзылуы туралы ешқандай шағым жасамайсыз.

 

7.5.4.          Schneider Electric компаниясына және Әкімшіге өзіңіз берген қандай да бір ақпараттың пайдаланылуына және/немесе ашылуына байланысты Schneider Electric компаниясына және Әкімшіге қарсы құпиялық бойынша шағым түсіруден бас тартасыз.

 

8.              Зияткерлік меншік құқықтары

 

8.1.         Үміткердің келісімі: Өтініш жіберу арқылы сіз төмендегілерге келісесіз және Schneider Electric компаниясына осы Шарттар мен талаптар аясында шектеулі құқықтарды бересіз:

 

8.1.1.          Schneider Electric компаниясының осы Шарттар мен талаптарға сәйкес Өтінішіңіз бойынша немесе онымен байланысты қандай да бір мақсатта жіберген барлық кескінді, мәтінді, бейнені және басқа да материалдарды шексіз мерзім бойы төлемсіз пайдалануына келісесіз.

 

8.1.2.          Сіз компанияңыздың/бизнесіңіздің атауының, ұқсастығының, кескінінің, биографиялық ақпаратының, марапат туралы ақпараттың (мысалы, ілгерілету үшін іріктеу және Марапат жеңімпазы) және Марапаттау бағдарламасына байланысты Өтінішіңізбен бірге жіберілген тағы басқа деректердің (соның ішінде барлық мазмұн мен жасалған жұмыстардың) Schneider Electric тарапынан сізге ешқандай өтемақы төлеместен немесе сіздің мақұлдауыңызды алмастан бүкіл әлем бойынша кез келген тасымалдағышта не форматта пайдаланылуына, соның ішінде сізді Веб-бетте Марапаттау бағдарламасының үміткері ретінде көрсетуіне және Schneider Electric компаниясының Марапаттау бағдарламасын жарнамалауына қатысты материалдарда, т.б. пайдаланылуына келісім бересіз.

 

8.1.3.          Келісіміңіз мәңгілік және оны қайтарып алу мүмкін емес екеніне келісесіз.

 

8.2.         Меншік және зияткерлік меншік

 

8.2.1.          Сіз Schneider Electric компаниясына Өтінішіңізде сипатталған технологияға қатысты қолданыстағы патенттерге немесе болашақ шығарылымда пайда болуы мүмкін кез келген патентке қатысты ешқандай құқық бермейсіз.

 

8.2.2.          Schneider Electric компаниясы өз қалауы бойынша Өтінішіңізге және/немесе оның кез келген туындысына негізделген құжатты, мысалы, қағазды, есепті, презентацияны немесе қорытындыны жариялай алады. Schneider Electric компаниясына авторлық құқықтарды беру сияқты құжатқа қатысты кез келген сұралған құжаттаманы толтыруды қоса алғанда, кез келген осындай құжатты дайындау үшін Schneider Electric компаниясымен ынтымақтасуға келісесіз.

 

8.2.3.          Шарттар мен талаптардың немесе Марапаттау бағдарламасына қатысты көрсетілген басқа ешбір нәрсенің сізге Schneider Electric компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Schneider Electric компаниясының атын, сауда белгілерін немесе қызмет көрсету белгілерін пайдалануға құқық немесе лицензия бермейтініне келісесіз.

 

9.              Құпиялық

 

9.1.         Өтінішті жіберу арқылы сіз мыналарға келісесіз:

 

9.1.1.          Schneider Electric Өтінішіңізбен байланысты берілген кез келген жеке деректі осы Шарттар мен талаптардағы мақсаттар үшін және веб-беттегі Құпиялық саясатына сәйкес өңдей алады.

 

9.1.2.          Schneider Electric Марапаттау бағдарламасы үшін жеке деректеріңізді осы Шарттар мен талаптарда көрсетілгендей өңдеп, үшінші тараптармен (соның ішінде Әкімшімен) бөлісе алады.

 

9.1.3.          Schneider Electric деректеріңізді осы Шарттар мен талаптарға, Құпиялық саясатымызға және қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес Еуропа Одағына жібере алады және сонда өңдей алады.

 

10.           БАҚ және жұртшылықпен байланыс 

 

Сіз Schneider Electric компаниясының ұлттық немесе ғаламдық маркетинг департаментінің жазбаша келісімінсіз Марапаттау бағдарламасына, Өтінішіңізге немесе Өтінішіңіздегі кез келген ақпаратқа (ұсынатын шешіміңізді қоса) қатысты БАҚ-пен тікелей немесе жанама байланыс жасамайтыныңызға келісесіз.

 

11.           Тоқтату

 

11.1.      impactawards.partner@se.com мекенжайы бойынша Schneider Electric компаниясына хабарласу арқылы Марапаттау бағдарламасына қатысуды кез келген уақытта тоқтатуыңызға болады.

 

11.2.      Schneider Electric компаниясы Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызды біржола тоқтата алады және төмендегі жағдайлардың кез келгені орын алса, Өтінішіңізді қатысу құқығынан айыра алады:

 

11.2.1.       3-тармақта көрсетілген қатысу шарттарына сай болмай қалсаңыз.

 

11.2.2.       Осы Шарттар мен талаптардың қандай да бірін бұзсаңыз.

 

11.2.3.       Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызбен байланысты немесе басқа жағдайдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және/немесе санкциялар заңдарын бұзсаңыз.

 

11.2.4.       Schneider Electric компаниясының қарауы бойынша сіздің қатысуыңыз немесе үзақ уақыт бойы қатысуыңыз Schneider Electric беделіне немесе кез келген қолданыстағы заң және/немесе ереже (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және/немесе санкциялар заңдарының барлығын қосқанда) бойынша міндеттемесіне нұқсан келтіретіні анықталса.

 

11.2.5.       Банкрот болып қалсаңыз.

 

11.2.6.       Schneider Electric компаниясының қандай да бір қызметкерін не Әкімшіні қорласаңыз немесе өз беделіңізді, Schneider Electric компаниясының, Әкімшінің не Марапаттау бағдарламасының беделін түсіретін қандай да бір әрекетті орындасаңыз.

 

11.2.7.       Schneider Electric компаниясына сіздің Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызға қатысты қандай да бір алаяқтық, залымдық немесе басқа теріс әрекет жағдайлары белгілі болса немесе солай деп күдіктенуге негіз болса.

 

11.2.8.       Аккаунтта жиырма төрт (24) ай бойы ешқандай әрекет болмаса.

 

11.2.9.       Аккаунт біржола жабылса.

 

11.2.10.    Осы Шарттар мен талаптарға сәйкес басқаша рұқсат етілген болса.

 

 

11.3.      Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Schneider Electric сіздің Өтінішіңізді (Өтініштеріңізді) қатысудан шығаруға құқылы болады.

 

11.4.      Schneider Electric кез келген уақытта, ешқандай түсініктемесіз, жауапкершіліксіз, хабарлама жіберіп, Марапаттау бағдарламасын тоқтата алады немесе кідірте алады. Schneider Electric кез келген осындай тоқтату немесе кідірту жағдайы туралы алдын ала хабарлауға тырысады.

 

11.5.      Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызды қандай да бір себептермен тоқтату 8, 9 және 10-тармақтардың қолданылуына және жарамдылығына әсер етпейді.

 

12.           Шарттар мен талаптар

 

12.1.      Өтініш беру арқылы:

 

12.1.1.       Осы Шарттар мен талаптарды орындауға келісесіз.

 

12.1.2.       Schneider Electric компаниясының міндетті және түпкілікті болып табылатын барлық шешімі бойынша міндеттеме алуға келісесіз.

 

12.1.3.       Осы Шарттар мен талаптардағы немесе Марапаттау бағдарламасындағы кез келген түсініксіз ақпарат не қате бойынша шағымданудан бас тартасыз.

 

12.1.4.       Сіз берген барлық ақпараттың дұрыс, толық екенін және Өтінішті жіберуге құқығыңыз бен өкілеттігіңіздің бар екенін растайсыз және оған кепілдік бересіз.

 

13.           Заңдар мен ережелерге сәйкестік

 

Жалпы ақпарат

 

13.1.      Schneider Electric компаниясына мыналарды ұсынасыз және оларға кепілдік бересіз:

 

13.1.1.       Қолданыстағы барлық заң мен ережені (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялар заңдарын қосқанда) орындау.

 

13.1.2.       Қолданыстағы барлық заң мен ереже (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялар заңдарын қосқанда) үшін қажет барлық жарамды саясатты енгізу және жүргізу.

 

13.1.3.       Марапаттау бағдарламасын заңды және этикалық түрде орындау және қатысу.

 

13.2.      Schneider Electric компаниясына Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызбен байланысты қолданыстағы барлық заң мен ереже (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялар заңдарын қосқанда) бұзуы мүмкін әрекеттерге қатыспайтыныңызға кепілдік бересіз. Мұндай әрекеттерге қатыссаңыз, Schneider Electric компаниясының, оның еншілестерінің немесе өкілдерінің, директорларының және/немесе қызметкерлерінің қолданыстағы қандай да бір заңды және ережені (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялар заңдарын қосқанда) бұзуына әкелесіз.

 

13.3.      Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызбен байланысты осы 13-тармақтың және/немесе қандай да бір заңның және ереженің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялар заңдарын қосқанда) бұзылғаны белгілі болса немесе сондай күдік туындаса, бізге дереу хабарлайсыз. Мұны Schneider Electric компаниясының сыртқы мүдделі тараптарға арналған ғаламдық сенім телефоны болып табылатын Trust Line арқылы хабарлауға болады. Ол мына жерде қолжетімді: 

 

https://secure.ethicspoint.eu/domain/media/en/gui/104677/index.html.

 

13.4.      Осы 13-тармақты және/немесе қолданыстағы қандай да бір заңды және ережені (сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялар заңдарын қосқанда) сіздің бұзуыңызға не сіздің атыңыздан бұзылуына байланысты бізді барлық міндеттемеден, шығыннан, әкімшілік айыппұлдардан, залалдардан және шығыстардан (соның ішінде қорғаушының немесе басқа кәсіби қызметтер провайдерінің тиісті алымдары) босатуға жауаптысыз және кепілдік бересіз.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар 

 

13.5.      Schneider Electric компаниясының немесе оның еншілестерінің беделіне және/немесе мүдделеріне нақты немесе болжалды түрде зиян келтіруі мүмкін позицияда болудан немесе солай көрінуден аулақ болуыңыз керек. Демек Марапаттау бағдарламасына қатысатыныңызды ашуыңыз керек (мысалы, шешімі Өтінішіңіздің тақырыбы болып табылатын тұтынушыға):

 

13.5.1.       Заң не ереже бойынша солай істеу талап етілсе.

 

13.5.2.       Нақты немесе болжалды мүдделер қайшылығы бар немесе болуы мүмкін болса.

 

13.6.      Ешбір адамға ұсыныс, төлем жасамайтыныңыз, төлеу туралы уәде бермейтініңіз немесе қандай да болмасын бонус (Марапаттау бағдарламасына қатысумен байланысты Марапаттарды не басқа бонустарды қосқанда) бермейтініңіз туралы Schneider Electric компаниясына кепілдік бересіз.

 

13.6.1.       Ол адамды немесе кез келген басқа адамды өз рөлін немесе қызметін дұрыс орындамауға итермелеу немесе марапаттау.

 

13.6.2.       Бұл артықшылықты алу сол адамның немесе кез келген басқа тұлғаның өз рөлін немесе қызметін дұрыс орындамауына әкелетін жағдайларда.

 

13.6.3.       Бұл басқа жағдайда бизнесті немесе кез келген түрдегі іскерлік артықшылықты дұрыс сатып алмау немесе сақтамау мақсатында.

 

13.7.      Күмән тудырмас үшін Өтінішке не сіздің Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызға қатысты кез келген тұлғаға, соның ішінде кез келген клиентке, мемлекеттік лауазымды тұлғаларға немесе кез келген транзакцияға қатысатын басқа тұлғаларға қандай да бір орынсыз артықшылық ұсынуға, уәде беруге немесе рұқсат беруге қатаң тыйым салынғанын мойындайсыз.

 

14.           Аудит

 

Schneider Electric сіздің Марапаттау бағдарламасына қатысуыңыз ережелерге сәйкес пе екенін тексере алады. Осы мақсат үшін барлық ақылға қонымды көмекті, ақпаратты және құжаттарды ұсынуыңыз керек.

 

15.           Жауапкершілік

 

15.1.      Осы 15-тармақтағы ешбір нәрсе келесілердің кез келгені үшін жауапкершілікті шектемейді немесе жоққа шығармайды:

 

15.1.1.       Schneider Electric компаниясының немесе оның агенттерінің немқұрайлылығынан орын алған өлім немесе жарақат.

 

15.1.2.       Алаяқтық немесе ақпаратты бұрмалау.

 

15.1.3.       Қолданыстағы заңға сәйкес шектеуге немесе жоққа шығаруға болмайтын дәрежедегі зақым немесе өтемақы.

 

15.2.      Осы 15-тармақта көрсетілген жауапкершілікке сілтемелер зақым немесе өтемақы үшін жауапкершіліктің кез келген түрін, соның ішінде келісімшарттағы жауапкершілікті және төмендегілердің кез келгеніне қатысты талаптар бойынша немесе олармен байланысты туындайтын шарттан тыс жауапкершілікті білдіреді («Заңды талаптар»):

 

15.2.1.       Марапаттау бағдарламасы және осы Шарттар мен талаптар.

 

15.2.2.       Марапаттау бағдарламасын немесе сіздің Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызды тоқтату не кідірту.

 

15.2.3.       Марапаттау бағдарламасындағы өзгерістер.

 

15.2.4.       Марапаттар, соның ішінде Марапаттардағы кез келген өзгеріс.

 

15.3.      15.1-тармаққа сәйкес Schneider Electric келесілердің ешқайсысына жауап бермейді:

 

15.3.1.       Шығындар, пайданың жоғалуы немесе күтілетін үнемдеу.

 

15.3.2.       Босқа кеткен шығындар немесе қызметкерлер уақыты.

 

15.3.3.       Бағдарламалық жасақтаманы, деректерді немесе ақпаратты пайдалану мүмкіндігін жоғалту немесе олардың бүлінуі.

 

15.3.4.       Беделден айырылу немесе оған нұқсан келуі.

 

15.3.5.       Сізге қатысты арнайы, жанама немесе салдарлық шығындар (жоғарыдағы 15.3.1, 15.3.2, 15.3.3 және 15.3.4-тармақтарда көрсетілген түрге жататын шығынды не зақымды қоса алғанда).

 

15.4.      15.1-тармаққа сәйкес және 15.3-тармаққа қарамастан Schneider Electric компаниясының бір Өтінішке қатысты барлық заңды талап үшін жалпы жауапкершілігі жиырма бес еуромен (€25) шектеледі және одан аспайды.

 

15.5.      Schneider Electric өз бақылауынан тыс кез келген әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауап бермейді.

 

15.6.      Schneider Electric осы 15-тармақтың артықшылықтарын біз, біздің Еншілестеріміз, Әкімшіміз және тиісті лауазымды тұлғаларымыз, қызметкерлеріміз, қызметшілеріміз, агенттеріміз және лицензиаттарымыз үшін сақтайды.

 

15.7.      Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, Schneider Electric компаниясы Марапаттау бағдарламасындағы барлық міндеттемесінен босатылады және Марапаттау бағдарламасын тұтастай не кез келген бөлігін өзінің жеке таңдауы бойынша тоқтатуға құқылы:

 

15.7.1.       Schneider Electric Марапаттау бағдарламасын жүргізу үшін қандай да бір қажетті не қосымша лицензияны немесе рұқсатты, өкілеттікті не мақұлдауды (тиісті заңдар мен ережелер не басқа бойынша) алуы керек болса және олар алынбаған болса.

 

15.7.2.       Мұндай қандай да болмасын лицензия, рұқсат, өкілеттік немесе мақұлдау әрекеті Schneider Electric компаниясының көзқарасы бойынша Марапаттау бағдарламасын жалғастыру үшін бұдан былай жарамды болмайтын жолмен қабылданбаса, қайтарылса, өзгертілсе немесе кідіртілсе.

 

15.7.3.       Қолданыстағы заңдар және/немесе ережелер Schneider Electric компаниясына Марапаттау бағдарламасын тұтастай не бір бөлігін орындауға тыйым салса немесе Schneider Electric қарауы бойынша, тиісті заңдар және/немесе ережелер бойынша оның беделіне нұқсан келтіру қаупі болса.

 

15.8.      Жалпы заңмен қарастырылған барлық кепілдік пен шарт заңмен рұқсат етілген толық көлемде осы Шарттар мен талаптардан алып тасталады.

 

16.           Марапаттау бағдарламасына және осы Шарттар мен талаптарға өзгеріс енгізу

 

16.1.      Schneider Electric кез келген уақытта және өз қалауы бойынша 17-тармаққа сәйкес хабарлама арқылы келесі әрекеттердің кез келгенін орындау құқығын сақтайды:

 

16.1.1.       Осы Шарттар мен талаптардың кез келген ережесін өзгерту (өзгерту, толықтыру және/немесе жою арқылы).

 

16.1.2.       Марапаттау бағдарламасын, соның ішінде хронологиясы мен Марапаттарды өзгерту, кідірту, кейінге қалдыру немесе тоқтату.

 

Осы Шарттар мен талаптарға қандай да бір осындай өзгеріс енгізу туралы хабарлама берілгеннен кейін Марапаттау бағдарламасына қатысуды жалғастырсаңыз, өзгертілген Шарттар мен талаптарды, Марапаттау бағдарламасының хронологиясын және Марапаттарды қабылдайсыз және оларға келісесіз. Кез келген осындай өзгеріспен келіспесеңіз, сіздің жалғыз және айрықша шешіміңіз — Марапаттау бағдарламасына қатысуыңызды тоқтату.

 

16.2.      16.1-тармаққа сәйкес өзгерістерді біліп отыруға сіз жауаптысыз. Сондай-ақ Schneider Electric осындай өзгерістерден хабардар болу үшін веб-бетке үнемі кіріп тұруды ұсынады.

 

16.3.      Аккаунттағы мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп отыруыңыз керек.

 

17.           Хабарламалар және электрондық хаттар

 

17.1.      Schneider Electric компаниясынан Марапаттау бағдарламасына және/немесе осы Шарттар мен талаптарға қатысты хабарламаларды электронды түрде алуға келісесіз. Мұндай электрондық байланыс жазбаша түрде жасалатын кез келген заң талаптарына сай болатынына келісесіз.

 

17.2.      Schneider Electric компаниясының Марапаттау бағдарламасына және/немесе осы Шарттар мен талаптарға байланысты келесі әдістердің кез келгені арқылы хабарламалар жібере алатынына келісесіз:

 

17.2.1.       Аккаунтта көрсетілген байланыс мәліметтерін пайдалана отырып, Аккаунт иесіне электрондық пошта арқылы (тұрақты пошта арқылы жеткізу мүмкіндігімен).

 

17.2.2.       Веб-бетте жалпы хабарлама жариялау арқылы.

 

17.2.3.       Аккаунтта немесе веб-бетті пайдалану шарттарында көрсетілген жолмен.

 

18.           Тіл, қолданыстағы заң және юрисдикция

 

18.1.      Осы Шарттар мен талаптар және Schneider Electric компаниясы мен сіздің араңыздағы осы Шарттар мен талаптар туралы барлық хабарламалар ағылшын тілінде немесе Schneider Electric таңдауы бойынша жергілікті тілде болады.

 

18.2.      Осы Шарттар мен талаптар Франция заңдарымен реттеледі. Осы Шарттар мен талаптардан туындайтын кез келген дауды бейбіт жолмен шешуге тырысатынымызға келісесіз және бұл мүмкін болмаса, Франциядағы Париж қаласының құзырлы соттары мұндай дауды шешу үшін айрықша юрисдикцияға ие болады.

 

19.           Анықтамалар және интерпретация

 

19.1.      Біз осы Шарттар мен талаптарда белгілі бір анықталған сөздерді қолданамыз:

 

19.1.1.       «Аккаунт» Schneider Electric компаниясында Аккаунт иесі тіркеген онлайн пайдаланушы аккаунтын білдіреді.

 

19.1.2.       «Аккаунт иесі» Аккаунтты жасаған және Марапаттау бағдарламасы бойынша Өтініш жіберген корпоративтік субъектіні немесе бизнесті (немесе оның атынан жіберілген) білдіреді. Аккаунт иесі «сіз» деп те аталады.

 

19.1.3.       «Әкімші» үшінші тарап AGORIZE ұйымын білдіреді, оның мекенжайы: 34 rue du Faubourg Saint-Antoine, 75012 Paris, ФРАНЦИЯ, телефон нөмірі: (+33) 01 55 43 79 45 – ол Schneider Electric атынан веб-бетті орналастырып, Марапаттау бағдарламасын басқарады.

 

19.1.4.       «Еншілестер» тікелей немесе жанама түрде: (i) Schneider Electric компаниясын басқаратын немесе (ii) Schneider Electric компаниясы басқаратын немесе (iii) Schneider Electric компаниясымен ортақ басқарылатын кез келген корпорацияны, компанияны немесе басқа да заңды субъектіні білдіреді, мұнда «басқару» субъектінің шығарылған жарғылық капиталының елу пайызынан (50%) астамына тікелей не жанама түрде иелік етуді немесе субъектінің жалпы басшылығына бағыт беретін немесе оған ықпал ететін заңды күшті білдіреді.

 

19.1.5.       «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар» 2010 жылғы Ұлыбританиядағы парақорлыққа қарсы актіні, 1977 жылғы АҚШ-тың шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы актісін қоса алғанда мезгіл-мезгіл түзетілетін, парақорлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын кез келген шетелдік немесе отандық заң мен ережені білдіреді. Оларға Сапин II заңдары және ЕЭЫДҰ халықаралық іскерлік операцияларда шетелдік мемлекеттік қызметкерлердің парақорлығына қарсы күрес туралы конвенцияны жүзеге асыруға арналған кез келген заң және ақшаның жылыстауына немесе салықтан жалтаруға қарсы заңнамаға қатысты кез келген заң мен ереже жатады.

 

19.1.6.       «Өтініш» анықтамасы 4-тармақта берілген.

 

19.1.7.       «Марапаттар» 6-тармақта сипатталған және толық мәліметі веб-бетте берілген Марапаттау бағдарламасының жеңімпаздары үшін қолжетімді Марапаттарды білдіреді.

 

19.1.8.       «Марапаттау бағдарламасы» клиенттерге, арна серіктестеріне және жеткізушілерге арналған Schneider Electric Sustainability Impact Awards бағдарламасын білдіреді.

 

19.1.9.       «Арна серіктесі» бизнестің мына түрлерін, т.б. қамтитын, Schneider Electric серіктес экожүйесінің мүшесі болып табылатын өзінің әдеттегі бизнесі бойынша әрекет ететін кез келген үшінші тарап компаниясын, корпорациясын немесе басқа заңды тұлғаны білдіреді: (а) мердігерлер, жобалау фирмалары, EcoXperts, құрылысшылар; (b) өнеркәсіптік автоматтандыру дистрибьюторлары, өнеркәсіптік автоматтандыру жүйесінің интеграторлары, АТ серіктестерінің машина интеграторлары, түпнұсқа жабдық өндірушілері, панель құрастырушылары, жүйе интеграторлары; және (c) Schneider Electric өнімдерінің, қызметтерінің, жүйелерінің немесе шешімдерінің тікелей не жанама бизнес клиенттерінің ұқсас санаттары.

 

19.1.10.    «Клиент» Schneider Electric компаниясынан немесе оның кез келген еншілестерінен не өкілетті сатушыларынан Schneider Electric өнімдерін, қызметтерін, жүйелерін не шешімдерін пайдалану немесе иемдену құқығын сатып алатын және өзінің әдепкі қызметімен айналысатын кез келген үшінші тараптық компанияны, корпорацияны немесе басқа заңды тұлғаларды білдіреді.

 

19.1.11.    «Зияткерлік меншік» немесе «IPR» кез келген және барлық зияткерлік меншік құқығын, соның ішінде төмендегілердің барлығын және олардан туындайтын немесе олармен байланысты барлық құқықты білдіреді: (a) процедуралар, жобалар, өнертабыстар және ашулар; (b) авторлық туындылар, авторлық құқықтар және авторлық туындылардағы басқа құқықтар; (c) интегралдық микросхема топологиясының құқықтары, (d) дүниежүзілік негіздегі ноу-хау, әдістер және коммерциялық құпиялар және (е) олар бойынша берілген немесе берілетін барлық патент, барлық сауда белгісі, сауда атауы немесе корпоративтік не өнімнің басқа түрлері.

 

19.1.12.    «Ірі жеткізуші» Өтініш берілген күні жылдық табысы 50 миллион еуродан асатын Жеткізушіні білдіреді.

 

19.1.13.    «Орташа жеткізуші» Өтініш берілген күні жылдық табысы 50 миллион еуродан аз Жеткізушіні білдіреді.

 

19.1.14.    «Патенттер» патенттердің барлық класын немесе түрін (соның ішінде шектеусіз түпнұсқаларды, бөлімдерді, жалғасын, ішінара жалғасын, кеңейтімдерді немесе қайта шығаруды) және әлемнің барлық еліндегі патент құқықтарының осы кластарына немесе түрлеріне арналған өтініштерді білдіреді.

 

19.1.15.    «Мемлекеттік лауазымды тұлға» мынаны білдіреді: (a) мемлекет меншігіндегі не мемлекет басқаратын ұйымның кез келген лауазымды тұлғасы немесе қызметкері; (b) жергілікті, штаттық, аймақтық, федералдық немесе көпұлтты үкіметтің не үкіметтің кез келген департаментінің, агенттігінің, органының немесе министрлігінің тағайындалған не сайланған кез келген лауазымды тұлғасы немесе қызметкері; (c) уақытша немесе ақысыз болса да, мемлекеттік лауазымды, жұмысты не қызметті атқаратын кез келген жеке тұлға; (d) Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе Дүниежүзілік Банк сияқты қоғамдық халықаралық ұйымның кез келген лауазымды тұлғасы не қызметкері; (e) кез келген саяси партия, саяси партияның лауазымды тұлғасы немесе саяси лауазым үміткері; (f) сот билігінің кез келген мүшесі және/немесе (g) корольдік отбасының кез келген мүшесі.

 

19.1.16.    «Санкция заңдары» АҚШ, Еуропа Одағы, Біріккен Корольдік, Швейцария және басқа тиісті юрисдикциялар мезгіл-мезгіл бекітетін, басқаратын не күшіне енгізетін барлық сауда, экспортты басқару, эмбарго, экономика не қаржы бойынша санкцияларды не антибойкот заңдарын, нормативтерін, ережелерін және/немесе шектеу шараларының талаптарын білдіреді.

 

19.1.17.    «Schneider Electric» Schneider Electric Industries SAS компаниясын білдіреді. Заңды мекенжайы: 35, Rue Joseph Monier, 92500 Rueil Malmaison — ФРАНЦИЯ. Француз заңы бойынша құқықтық нысан: « société par actions simplifiée ». Акционерлік капитал мөлшері: 928 298 512,00 еуро. Nanterre компанияларының тізілімінде тіркелген: RCS 954 503 439 ҚҚС нөмірі: FR04954503439

 

19.1.18.    «Жеткізуші» өзінің әдеттегі қызметі бойынша әрекет ететін кез келген үшінші тарап компаниясын, корпорациясын немесе басқа да заңды тұлғаны білдіреді: (a) Schneider Electric және/немесе оның еншілестеріне тауарларды және/немесе қызметтерді жеткізеді; (b) Schneider Supplier Portal - Supplier Relationship Management (SSP-SRM) порталында белсенді аккаунты бар және (c) Schneider Electric компаниясының Schneider Electric көміртек шығарындыларының 70%-ын құрайтын 1000 үздік жеткізушісімен серіктестік жөніндегі жаңа бастамасы болып табылатын «Нөлдік көміртек» жобасына белсенді түрде қатысады - 2025 жылға қарай өз операцияларының CO2 шығарындыларын екі есе азайтуды көздейді. «Нөлдік көміртек» жобасы туралы қосымша ақпаратты келесі веб-сайттан таба аласыз:

https://www.se.com/ww/en/about-us/sustainability/zero-carbon-project.jsp

 

19.1.19.    «Шарттар мен талаптар» осы Шарттар мен талаптарды білдіреді.

 

19.1.20.           «Веб-бет» — Sustainability Impact Awards бағдарламасына арналған, https://www.se.com/ww/work/campaign/sustainability-impact-awards сілтемесі және Schneider Electric Group https://www.se.com/ww/en ғаламдық веб-сайты арқылы қолжетімді веб-бет. Бұл веб-бет 3.2-тармақта бекітілген түрдегі жарамды бизнестерге және кәсіби ұйымдарға Аккаунт жасап, осы Шарттар мен талаптар бойынша Марапаттау бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беру үшін жарияланған.

 

19.2.      «Біз», «бізді» және «біздің» сілтемелері Schneider Electric компаниясын білдіреді.

 

19.3.      Schneider Electric осы Шарттар мен талаптардың бізге, Еншілестерімізге, Әкімшіге және тиісті лауазымды тұлғаларға, қызметкерлерге, қызметшілерге, агенттерге және лицензиаттарға арналған артықшылықтарына ие.